Елде карантин мерзімі қысқартылып, шектеулер жеңілдеді

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакциналаумен қамту 60 проценттен төмен. Тағы бір айта кетері, енді вирус жұқтырған не науқаспен байланыста болғандар 7 күн өткен соң қайта ПТР-тест тапсыра алады. Егер теріс нәтиже көрсетсе, онда жұмысын қайта жалғастырады.

Осыған дейін карантин мерзімі екі аптадан 10 күнге дейін қысқарғанын білеміз. Ал осы мерзім өткен соң, қайта ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ, - дейді мамандар. Тағы бір айта кетері, енді «ашық» қосымшасында «көк» мәртебесі барлар да кез келген орынға еш кедергісіз кіреді. Бірақ санитарлық талаптарды қатаң сақтауға тиіс. Бетперде кию міндет.