ҚР ИИДМ қай елдермен әуе қатынасы қалпына келтірілгенін хабарлады

Бүгінгі таңда 25 елмен аптасына 257 халықаралық рейс орындалады.

«Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін толық көлемде жалғастыруда. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады», - делінген Министрлік хабарламасында.

Бүгінгі таңда 25 елмен (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланка) 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалуда.

Сондай-ақ, Министрлік төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толық қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алатынын еске салады. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.