456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшысының өкілеттігі тоқтатылады – ҚР ИИДМ

  • 129
  • UPD: 10:42, 26.01.2022
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшысының өкілеттігі тоқтатылады – ҚР ИИДМ

2021 жылғы 7 желтоқсанда өз еркімен берген өтінішіне сәйкес 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры лауазымындағы өкілеттігі тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Питер Гриффитс кәсіпорын құрылғаннан бергі 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, елімізде авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен азаматтық авиация саласын басқаруда Еуропаның алдыңғы қатарлы үлгілеріне сәйкес Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қалыптасты. Мұндай тәсіл елімізде алғаш рет енгізілді және ТМД-да бірегей.

2021 жылғы 2-11 тамыз аралығында өткізілген ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберіндегі тәуелсіз аудиттің қорытындысында Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15% асып, 84%-ға жеткенін атап өту қажет.

Питер Гриффитске бірлесе атқарылған қызметтегі жоғары кәсібилігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының міндетін Линда Орлэди уақытша атқарады. Ол 2019 жылғы желтоқсаннан бастап Бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы қызметін атқарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы