Отандық жоба үздік ондыққа енді

Қазақстандық «Cerebra» стартап жобасы әлемнің ТОП-10 тізіміне кірді.

Денсаулық сақтау технологиясы бағытындағы әлемдік «Medtronic» компаниясы медициналық жасанды интеллект саласындағы ең үздік инновациялық жобалардың тізімін жариялады. Алғашқы ондыққа енген қазақстандық жоба былтыр Алматыдағы жасанды интеллект зертханасында жасалып, сондағы емханада тәжірибеден өткен. Қазір Қазақстанның 17 инсульттық орталығында сынаққа берілді. «Cerebra» жасанды интеллект арқылы инсультті бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе өте жылдам жұмыс істейді. Инсультті небәрі 10 минут ішінде анықтайды. Оның талдамалық есебін жеке компьютерден де, смартфондағы қосымшадан да көруге болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.