Депутат: Ұлттық статистика бюросы өтірік ақпарат таратты

Ұлттық статистика бюросы жалған мәлімет таратып отыр. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деді.

Депутаттың сөзіне сенсек, былтыр бюро қызметкерлері елдегі жұмыссыздар саны 450 мыңға жуықтайды деген ақпарат таратқан екен. Оның тек 70 мыңы ғана – жастар депті.

Алайда мәжілісмен бұл мәліметті шындыққа жанаспайды деп отыр. Сосын елдегі орташа жалақы мөлшері де 250 мың теңге дегенмен келісу қиын деді.

Сол себепті депутат аталған мекеме қызметін ретке келтіруді талап етті.