Nur Otan партиясы 27 қаңтарда саяси кеңес отырысын өткізеді

27 қаңтарда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының шешімі бойынша (жарғының 9.5. тармағына сәйкес) партияның саяси кеңесінің отырысын 27 қаңтарда өткізу туралы шешім қабылданды», деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.