Бүлікті пайдаланып ұрлық істеген қызылордалықтар ұсталды  

Бүлікті пайдаланып ұрлық істеген қызылордалықтар ұсталды   

Қаңтардың басындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде, Қызылордада телефон сататын дүкенді тонағандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұрлықшылар 4 миллион теңгенің тауарын үптеп кеткен екен. Іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түскен күдіктілерден айғақты заттар табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Байжан Байгелді, ОПД бастығының орынбасары:

– Елуден аса облыс азаматтары шағымданып жатыр. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде оларға зақым келген. Жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам материалдық зиян келтірілген. Айтылған мәселе бойынша 59 қылмыстық іс тіркеліп, бүгінгі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. 99 азамат ұсталып, 20-сы қамаудан босатылған.