431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жазықсыз жандарды азаптауды доғару керек – Қазыбек Иса

  • 131
  • UPD: 15:59, 26.01.2022

«Содыр жейтін соққыны, момын да жеп жатыр». Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алматыдағы қырғын кезінде алаңға бейбіт түрде шыққан кейбір адамдардың нақақтан-нақақ азапталып жатқанын айтып, бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жазықсыз жандарды азаптауды дереу тоқтату керек дейді. Сосын тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр. Төңкеріс жасауға нақты кімдердің мүдделі болғанын, қарулы топты кімдер басқарып, оларға кімдердің қолдау көрсеткенін жұрт білуі тиіс деді. Тіпті қажет десе, Парламенттік тыңдау өткізу керек деген бастама көтерді.    

«Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайта қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер, бәрі түгел анықталып, толық жауапқа тартылуға тиіс!», – деді депутат.

Хабар 24 телеарнасы