460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда 642 адамды алдап соққан алаяқтар сотталды

  • 182
  • UPD: 18:00, 26.01.2022

Ақтауда 642 адамды алдап, 3 млрд теңгеден астам ақша жымқырған алаяқтар 6 жыл 6 айға сотталды.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында серіктестік басшысы мен оның сыбайласы және нотаруис болған.

«Plus Capital» компаниясының өкілдері тұрғындарға пәтерлері мен, автокөліктерді салым ретінде серіктестікке өткізуге үгіттеген. Олардың «құнын екі есе етіп қайтарып береміз» деп, уәде берген. Алайда салымшылардың мүлкін нотариалды түрде рәсімдеп, нарықта арзан бағаға сатып жібергені белгілі болды. Компания басшысы алаяқтық жолмен тапқан қаржыны қалтаға басып, ізін суытқан. Қазір оған халықаралық іздеу жарияланды. 2 сыбайласы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Қылмыскерлердің өзге алаяқтық деректерге қатысы бар-жоғы, тексеріліп жатыр. Әзірге 30 жәбірленушінің мүлкі кері қайтарылған.

Аида Бұлақбаева, Ақтау қалалық сотының судьясы:

- Құсайын Дарханға 58-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті өтуіне 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар қосымша жаза ретінде қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеумен және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 7 жылға дейін құқығынан айырылған. София Кушнеренко осы Құсайын Дархан сияқты 6 жыл 6 ай бас бостандығынан жазасы тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы