Британия вакцинаны толық салғызған қазақстандықтарға есігін ашты

Ұлыбритания екпенің қос компонентін салдырған қазақстандықтар үшін есігін айқара ашпақ.

Бірақ отандық "QazVac" пен ресейлік "Спутник V" вакцинасын алғандар ПТР-сынама тапсыруға міндетті. Себебі бұл екпенің екеуі де бұл мемлекетте мойындалмаған. Дегенмен, тест нәтижесі теріс шыққан азаматтар үшін елдегі карантин режимі алынады. Бұған дейін Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон екпе салдырған азаматтардан тестілеу талабы алынатынын хабарлаған еді. Бұл мемлекеттің бизнес пен саяхатшылар үшін ашықтығын көрсетеді деді ол.