Оралда ассенизатор көліктің қызметі қымбаттауы мүмкін

Оралда ассенизатор көлігінің иелері мен абоненттерге талон және рұқсат қағазын алу міндеттелді. Сумен қамту кәсіпорны осы әдіс арқылы ақпан айынан бастап төлем жүйесін ретке келтіруді көздейді. Алайда жаңа талап ассенизатор қызметінің қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Оралда ассенизатор көлігінің иелері мен абоненттерге талон және рұқсат қағазын алу міндеттелді. Сумен қамту кәсіпорны осы әдіс арқылы ақпан айынан бастап төлем жүйесін ретке келтіруді көздейді. Алайда жаңа талап ассенизатор қызметінің қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Қалада 100 шақты адам ассенизатор көлігімен коммуналдық қызмет көрсетеді. Жүргізушілер салаға енгізілетін өзгеріс шығынға апарып соғатынын айтады. Өйткені кәріз станциясына келген сайын рұқсат қағазын сатып алу тиімсіз.

«Олай болса қызмет ақысын көтеруге мәжбүрміз», - дейді олар.

Азамат Жантасов, ассенитазор көлігінің жүргізушісі:

- Мұнда кірген сайын беріп тұру керек дейді. Конечно, қиын түседі ол, шындығы керек. Мен шығын үшін жұмыс істемеймін ғой. 

Ал ассенизатор қызмет ақысының өсуі қарапайым тұрғындардың қалтасын қаққалы тұр. Оның үстіне әрбір абонент талон алуы тиіс.

Асхат Қазиуллин, қала тұрғыны:

- Былтыр 2500-2700 теңгеге сорғызушы едім. Қазір енді 3500 болды газдың қымбаттауынан. Қазір енді биыл январьдан бастап газ арзандады ғой 60 теңгеге. Бірақ сонда да бұлардың қызметтері әлі арзандамай тұр. Естіп жатырмыз, февральдан бастап тағы қымбаттайын деп жатыр. Сонда халыққа кішкене қиындау болып кететін сияқты.

Қаланы сумен қамту кәсіпорыны директорының айтуынша, ассенизатор қызметін бақылау қиындап кеткен. Кейбір жүргізуші жалған құжат тапсыратын көрінеді. Сондықтан кәріз станциясына кіру үшін арнайы рұқсат қағазын алу міндеттелді. Бағасы көлік бөшкесінің көлеміне қарай 220 теңгеден жоғары.

Әнуар Аркенов, қаланы сумен қамту кәсіпорнының директоры:

- Сараптама нәтижесі көрсеткендей, көптеген адам талонды қолдан жасап жүр. Екіншіден, кәріз станциясында не болып жатқанын үнемі бақылап отыра алмаймыз. Қанша көлік келіп, қанша текше метр қалдық төккенін білмейміз. Салдарынан шығынға ұшырап отырмыз. Сол себепті жүйені оңтайландыруды қолға алдық.

Ал әрбір абонент кәсіпорыннан талон алуы керек. Әйткенмен, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Әрбір текше метр қалдыққа 31 теңгеден. «Бұл бұрыннан бергі міндетті төлем, тек жүйе құжаттандырылды» дейді кәсіпорын басшысы. Дегенмен, ассенизатор көлігінің иелері өз қызметінің ақысын көтеруді ұйғарып отыр.

Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

Сондай-ақ...