Еліміздің оңтүстігінде жарықтың сөну себептерін тексеретін арнайы комиссия құрылды

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтаушы "КЕGOC" АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және даму себептері мен шарттарын шынайы және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы апатты жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.