Кентауда мүгедектерге мүмкіндік жасалмаған

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Кентауды – «кедергілер қаласы» дейді. Себебі мұнда қоларбаға таңылған жандар дүкенге немесе дәріханаға жалғыз өзі бара алмайды. Барса да ішке кіре алмайды. Өйткені ондағы пандустар тік, талапқа сай салынбаған. Ішке кіру үшін арбада отырған адамға бірнеше кісі көмектесуі керек. Әйтпесе, мүмкін емес.

Дүйсенәлі Жүсіпов, Кентау қаласының тұрғыны:

– Дәріханадан көп дәрі аламыз, бір жерде жоқ пандустары. Система салдаратын жеріміздің баспалдағы тік, оларға мүлдем кіре алмайсыз. 4-5 адам әрең кіргізеді.

Кентау қаласында қоларбаға таңылған 2 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Олардың кейбірінің аз да болса аяққа тұрып, жүруіне мүмкіндігі бар. Бірақ ол үздіксіз жоғары сапалы оңалту жұмыстарын қажет етеді. Алайда облыста мұндай қызмет көрсететін орталық әзірге жоқ.

Дастан Орынбасаров, Кентау қаласының тұрғыны:

– Саламыз дегеніне 5 жыл болды. Жер бөлінді, бірақ салынбады. Қалада кішкентай оңалту орталығы бар, бірақ жету азап. Пандус деген мүлдем жоқ, мүгедектің жағдайына жүрмейді. Қаланы аралап көрсеңіздер болады.

Кентау қаласы әкімдігінің қызметкерлері қалада пандусы жоқ ғимараттардың нақты санын айта алмады. Бірақ олардың барлығы коммерциялық нысандар деп отыр. Алайда кемшіліктің бар екенін мойындап, мәселені кезең-кезеңімен шешеміз деп уәде берді.

Бақытжан Айтбаев, Кентау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

– Кейбір мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергілер бар. Мысалы, екі қабатты мекемелердің бірінші қабатында арбамен жүретін азаматар үшін бөлмелер, өз-өзіне қызмет көрсету бөлмелері қарастырылмаған. Кемшіліктер жоқ деп айта алмаймын бар. 2025 жылға дейін қалада барлық кемшілікті жою бойынша жоспармыз бар.

Жалпы ережеге сәйкес әрбір әлеуметтік нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалуы керек. Арнайы көлік тұрағы, пандус және дәретханалар қарастырылуы тиіс. Ал Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, қалада 186 нысан пандус орнату бойынша арнайы құжат алған. Алайда оның 56-сы ғана жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш