Атырауда карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Өңірде карантиндік шектеулерді бұзған 61 адам анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар «Ашық» қосымшасында «қызыл» мәртебесі бола тұра, қоғамдық орындарда емін-еркін жүрген. Коронавирус инфекциясына шалдыққан 61 науқас халыққа қызмет көрсету орталығында, сауда орындары мен базарларда, сондай-ақ әуежай мен басқа да нысандарда көрсетілетін қызметті пайдалануға тырысыпты. Мамандар сақтық шараларын қатаң сақтау керек екенін ескертеді.

Айта кетейік, өңірдегі эпидахуал көңіл көншітпейді. Соңғы тәуліктің өзінде 414 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. 19 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал үшінші тоқсан басталғалы бері 15 оқушының қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды.