loader


Биыл елімізде 700 мың адам жұмыспен қамтылады

Шамамен 5 млн адамға әлеуметтік қолдау жасалады, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірлердегі тұрмыс жағдайының теңсіздігін азайту үшін көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы және Әлеуметтік кодекс әзірленбек. Бұл туралы бүгін Үкімет Басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Премьер-Министр биылға арналған іс-шаралар жоспарын пысықтап, барлық министрлердің ұсынысын тыңдады. Денсаулық сақтау министрі ауылдарда алғашқы медициналық көмек көрсетуге баса мән беретінін, биыл ауылдарда 80 медициналық нысан ашу жоспарланып отырғанын айтты. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша осы жылы да 7 мың квота бөлінбек. Білім саласында нарық сұранысына ие мамандарды даярлауға басымдық беріледі. Сондай-ақ үздік педагогтерді өңірлерге тарту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Әлихан Смайылов бағдарламаның нәтижесін халық сезінетіндей болуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ...