Үйді жалға алу құнының 50% мемлекет төлейді

Тұрғын үйді жалға алу құнының 50 процентін мемлекет, жартысын жалға алушының өзі төлейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа төлем беру тетігін әзірледі. Аталған көмекке табысы күнкөріс деңгейінен аз, жергілікті атқарушы органдарда үй кезегінде тұрған азаматтар ие болады. Бүгінгі таңда мұндай 70 мың тұрғын бар. Олар көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын енді мемлекет төлейді. Оператор ретінде «Отбасы банкі» ұсынылып отыр.

Атап өтейік, бұл бағдарламаға бюджеттен 50 миллиард теңге қажет.