Бас прокуратура тергеу кезінде күш қолдану фактілерін апта сайын жариялайды

Бас прокуратура процессуалдық іс жүргізу кезінде күш қолдану деректерін апта сайын жариялайды. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты.

25 қаңтарда прокуратураға азаматтардың құқықтарын бұзуға қатысты 109 арыз-шағым түскен. Тексеру барысында 21 қылмыстық іс қозғалды. Азаптау мен қатыгездікке қатысты 20 жазбаша шағым болған. Қалғаны негізсіз қамауға алу, әкімшілік жазалау туралы сот шешімдерімен келіспеу, медициналық көмек көрсетпеу, адвокаттарды жібермеу мәселелеріне қатысты, - деді ол.

Эльвира Әзімова, адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

–  Өкінішке қарай, ұстауға алынған және қамалған азаматтармен әңгімелесу барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету аясында тартылған кейбір адвокаттардың қорғау сапасы туралы шағымдар түсті. Бұл жағдайда соттар және тергеушілер істерді қарау тиіс. Мұндай көмекке қол жеткізген азаматтардың көшілігі өз адвокаттарының аты-жөнін, олармен кері байланысатын контактілерді білмеген. Атап өтетін болсақ,  заңнамаға сәйкес, мәжбүрлеу арқылы алынған барлық дәлелдер жарамсыз болып табылады. Тағы да қайталап өткім келеді, шағыммен келгендердің қайта құрбан болуына жол бермеуіміз керек.