Бүліктен кейін Алматыдағы заңгерлер тегін кеңес беруде

Алматыда болған бүліктен кейін заңгерлер тегін көмек көрсетуді жалғастырды. Бұл жұмысты олар бесінші қаңтардан кейін бастап кеткенін айтады.

«Құқықтық қорғау және заңгерлік қызмет көрсету орталығы 465 азаматқа кеңес берген. Көмек сұрап келушілер арасында митингке бейбіт мақсатта шыққандар мен жеке мүлкі қираған кәсіпкерлер бар. Біразы жасырын түрде хабарласқан. Оқыс жағдайға тап болған азаматтар да ақыл-кеңес алуға келген. Орталық мамандары оларға тиісті органдарға арыз жазуға көмектескен. 

Ғабит Өмірбеков, заң консультанттары палатасы төрағасының орынбасары:

 – Қылмыстық процессуалдық кодекста статустар бөлінеді. Жәбірленуші, куәгер, қорғануға құқыға бар куә, күдікті деп. Яғни, жауапты осы төрт статустан алады. «Сондықтан да бұндай зардап шеккен азаматтар жәбірленуші болуы керек. Өйткені, олар жәбір, азап шегіп отыр. Өйткені олар митингіге де шыққан жоқ. Жай өтіп бара жатып оқ тиіп кеткен адамдар да бар. Олар өздерінің құқығын білуі керек. Қорықпау керек. Полицияға барып арыз жазуы керек.