ҚР ИИДМ-ге кіметінің кейбір құзыреттері берілді

2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, осы Заң аясында мемлекеттік реттеуді одан әрі іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің кейбір құзыреттері орталық мемлекеттік органдарға берілді. Оның ішінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне:

- тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін;

- тексеру жүргізілмейтін тұлғалар тізімін;

- көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесін бекіту берілді.

Көрсетілген мәселелер ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 Қаулысымен регламенттелген. Алайда Үкіметтің кейбір құзыреттерін беруге байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Жаңа құқықтық актіні қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексеріп қарауды жүргізу тәртібіне қандай да бір талаптарды қатаңдатуды не жаңа талаптарды енгізуді көздемейді.

Бұйрық жобасының толық мәтіні 2022 жылғы 8 ақпанға дейін көпшілік талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.