Экс-министр Е.Біртановтың ісі Бас прокуратураға қайтарылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісі Бас прокуратураға кері жіберілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Соттың алдын ала тыңдауы нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты осындай шешімге келді. Сот қорғаушы адвокат Бейсекеевтің бұлтартпау шараларын өзгертуге қатысты өтінішін қанағаттандырған жоқ. Осылайша Біртанов мен Әбішевтың үй қамақ мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Ибрагим Әлкенов, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы:

– Сот алдын ала тыңдауда Біртанов пен Әбішевке қатысты келіп түскен қылмыстық іс бойынша қорғаушылар мен сотталушылардың өтінішхатын қарады. Қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзатын елеулі олқылықтарды жою үшін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323 бабына сәйкес сот қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қорытындыға келді.