Арман Оспанов Хабибтің промоушеніндегі жекпе-жекті сәтсіз аяқтады

Қазақстандық файтер Арман Оспанов Eagle Fighting Championship 44 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арман Оспанов (11-5) франциялық Дилан Сальвадормен (4-1) кездесті.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ ол екінші раундта 28 жастағы француздың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңілді.

Жекпе-жек бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) өтті.

Айта кетейік, бұл Оспановтың бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі.