«Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс уақыты белгіленбейді

Алматыда «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді.

Яғни, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, мәселен, «жасыл аймақта» нысандар шектеусіз қызмет көрсете алады. Ал «сары» және «қызыл» аймақтарда объектілердің жұмысына шектеулер қойылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініштері бойынша, ал мектептерде 1-4 сынып аралығындағы оқушылар штаттық режимде оқуына рұқсат беріледі.

Колледждер мен жоғары оқу орындарында білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсын алған студенттер штаттық форматта оқытылады.

Сондай-ақ коронавируспен ауырған науқастармен байланыста болған адамдар екпенің толық курсын алса, үй карантиніне оқшауланбайды.