Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа сарапшылар тартылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында осылай деп жазды. Кеңеске әр түрлі салада озық ойларымен танылып жүрген бес бірдей сарапшы мүше болған. Жалпы, ұлттық кеңес құрылғалы құрамының тең жартысы өзгеріп, 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсендісі қатарға қосылды. Алдағы уақытта осы кеңестің жетінші отырысы өтеді. Қазір соған қызу дайындық жүріп жатыр.