Түркияда қауіпті індет кайта өршіді

Түркияда коронавирус қайта өршіді. Елде қауіпті індетке шалдыққандар қатары тәулігіне 90 мың төңірегінде.

Мамандар мұны Сovid-19-дың жаңа штаммымен байланыстырып отыр. Десе де, билік сақтық шараларын қатаңдатуға асықпайды. Өйткені елде әлі де маска тағу режимі мен бірқатар қоғамдық орындарда ПТР сынамасын көрсету міндетті. Ал денсаулық сақтау министрі вирус бұрынғыдай қауіпті емес деп отыр.

Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:

– Денсаулық сақтау министрі ретінде айтарым, ауру санының көбеюінен қорықпаңыздар. Вирус бұрынғыдай қауіпті емес. Жаман күндер артта қалды.

Денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесін Түркияның медицина қауымдастығы сынға алып, қауіптің сейілмегенін ескертті. Мамандардың айтуынша, вирусқа қатысты бұндай тұжырым жасау әлі ерте.

Айта кетейін, Елде екпенің қос дозасын халықтың 82% алып үлгерген. Қазір ревакцинацияның үшінші науканы жүріп жатыр.