Коронавирус мектеп оқушылары арасында дендеп барады

Статистика жақсарғанымен, елде коронавирус мектеп оқушылары арасында дендеп барады. Кейінгі апталарда инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 1,3 есе өскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында хабарлады.

Жағдай, әсіресе, Түркістан, Ақмола, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында күрделі. Сондай-ақ Қостанай мен Шымкент, Нұр-Сұлтанда балалардың жиі сырқаттануы байқалады. Осы ретте ведомство басшысы білім ордаларында санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертті. Сондай-ақ 12 жастан асқан жеткіншектердің ата-аналарын тезірек вакцина салдыруға шақырды.