Балиге баратын саяхатшылар үшін карантин мерзімі қысқарады

Индонезияның туристер арасында танымал орны – Бали аралына баратын шетелдік туристер үшін карантин мерзімі 7-ден 5 күнге дейін қысқарады. Тиісті ереже 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Бірақ бір айта кетерлігі, шетелдіктер коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын да салдырған болуы тиіс. Былтыр Балиге келген демалушылар саны күрт азайған. 2019 жылы мұнда 6 миллионнан аса шетелдік саяхатшы демалып келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 50 мыңға да жетпеген екен.

Вьетнам билігі де елге кіру ережелерін жеңілдетіп жатыр. Енді вакцина алған демалушылар үшін міндетті карантин 3 күнге дейін қысқарады.