Маңғыстауда мұнай компанияларына 426 миллион теңге айыппұл салынды

Былтыр Маңғыстау облысында қоршаған ортаға залал келтіргені үшін өндіріс орындарына 426 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде экологиялық талапты өрескел бұзған 20-дан астам мұнай компаниясы бар. Олардың ауаға ластаушы заттарды шамадан тыс шығарғаны және кен орны аймағындағы жерді бүлдіргені анықталған. Қазір айыппұл толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Жалпы былтыр экология департаментінің мамандары 50-ден астам тексеру жүргізіп, 70-ке жуық әкімшілік іс қозғаған.

Руслан Төкенов, облыстық экология департаментінің басшысы:

– 97 экологиялық заң талаптарын бұзу фактісі анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 23 нұсқама берілген, олардың ішінде экологиялық заң талаптарын өрескел бұзған келесі табиғат пайдаланушыларды атап өткім келеді. Олар «Тоталь Дунга ГмбХ» компаниясы – 141 2 млн.теңге, «Кен Сары» ЖШС – 45 млн.теңге айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Біздің мақсатымыз – бүлінген жерлерді тазалау мәселесін шешу.