Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет 3 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 3 ақпанда түнде Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.