Бағасы баспанамен бірдей етіп салынған жылы аялдамада жылу жоқ

Сақылдаған сары аязда автобус күткен жұрт көп. Сонысы тездетіп келе қойса жақсы. Кешікпесе дейсіз, әйтеуір. Өйткені басқа қала, аудандар тұрмақ елорданың өзінде кезінде бір үйдің құнын жұмсап салынған аялдамаларда жылу жоқ. Бірқатары тіпті ашық-шашық жатыр.

Жанар Қосдәуірова, қала тұрғыны:

- Суық, біз мынау теплый остановка деп келеміз ғой. Балаларға обал кейде таңертең. Постоянно суық, білмейм қай кезде беретінін. Жылуды бермейді. Әйтпесе атына сай болу керек қой.

Рая Сейітқазықызы, қала тұрғыны:

-Іші салқын, баламен невозможно. Қыста міне тоңып тұрмыз автобус келгенше уже балам айтады тоңдым деп.Сәл болсын ішіне кіріп жылытайық десек, бесполезно, салқын. Ваще жылу жоқ ішінде.Атына заты сай емес. Но звондағанбыз.Айтамыз, акматқа жібереміз, қарастырылуда дегеннен басқа ответ жоқ. 

Рухани Асқар, тілші:

- Біз бас қаланың темір жол торабы алдында тұрмыз. Мұндағы 4 аялдаманың үшеуінің жағдайы мәз емес. Бірінің ішінде жылу болмаса, екіншісі қоқысқа толып, ішінен жағымсыз иіс мүңкіп тұр. Ал үшіншісінің мүлде әйнегі сынған.

Алғашында жанға жайлы, бейнебақылау, тіпті тегін интернетпен жабдықталған бұл аялдамалардың қазір құты қашып тұр. Орнатылғанына көп уақыт болмаса да, бүгінгі күйі осы - кейбірін үй-күйі жоқтар панаға айналдырған.

Дариға Әбдірахманова, қала тұрғыны:

- Ол жерді үй-күйі жоқтар паналайды. Солардың кесірінен аялдаманы жауып тастайды. Ал біздің жазығымыз не? Көп жағдайда осы аялдамаларға күтім жасалмайды, қадағалап, біреу болса да бақылауы керек қой. Ішін жинау керек дегендей. Әлгінде кондуктор әйел үй-күйі жоқтардың кесірінен аялдама үш күн жабық тұрғанын айтқан еді. Кейін мен келгенде, әйтеуір тазалап қойыпты ғой деп таң қалғаным бар.

Раиса Макарова, қала тұрғыны:

- Мына жерді сирек тазалайды. Кейде есігінің тұтқасы сынып, адамдар оны итеріп, бір-біріне есікті ашуға көмектесіп жатады.

Қаладағы жабық аялдамалар былтырдан бері аудан әкімдіктерінің құзырына өтуде. Ондағылар олқылықтың барын жоққа шығармайды. Алайда тұрғындар тарапынан да жауапкершілік болса дейді.

Тоқтар Хасенов, Байқоңыр ауданы инфрақұрылым бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда бізде 13 жылы аялдама балансымызда тұр. 54-08 қазіргі таңда 2 жылы аялдама жұмыс жасамай тұр.Себебі оның ішінде бір тепломаш деген заты бар сол сынып қалған.Ал  біреуін вандалдар сындырып кеткен./скл/сіздермен жүріп қайтуымызға болады, қалғандары жұмыс істеп тұр. Бейнебақылау камерасы бойынша да проблема бар, жоқ емес. биыл жаңа бейнебақылау камерасын қосуға тырысамыз.скл/02-15 қаңтар және ақпан айында кішкене тазалау проблемасы бар. Себебі бізде мердігер компания болмай тұр.

Сарыарқа аудандық әкімдігіне осындай 32 жабық аялдама қарайды. "Оларды бұзақылар қирататын жайттар да болады", деп қынжылады атқамінерлер. Қазірдің өзінде вандализмге қатысты 12 жағдай тергеліп жатыр. 

Еркін Құрман, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары:

- Біз жүргізген тексерістердің нәтижесінде бірқатар аялдамада жылудың жоқтығы, вай-фай, камера істен шыққаны расталды. Олқылықтарды бір айдың шеңберінде жөнге келтіреміз деп ойлаймын. 

Шамамен 5 жыл бұрын бұл аялдамалардың бағасы 10 млн теңгеге дейін бағаланған еді. Ал бүгінде оларды орнатуға және күтіп ұстауға жұмсалатын құны туралы қалалық әкімдік жақ ашпай отыр.