АИТВ дертін диагностикалауды бәсекелес ортаға беру мәселесі қаралды

Жұқтырылған иммунтапшылық синдромына диагностика жасауды бәсекелестік ортаға беру әлі ерте.

Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Ақмарал Әлназарова осы мәселеге назар аударды. Былтыр бұл ауруға шалдыққан 3 400-ден астам адам анықталған еді. Бес жылда бұл көрсеткіш 13 процентке өскен. Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасына сәйкес, инфекцияға диагностика жасау, жеке медициналық орталықтар мен зертханаларға тапсырылмақ. Алайда сенатордың пікірінше, бұл елдегі АИТВ-мен ауыру жағдайын нашарлататын үлкен мәселеге алып келеді. Яғни талдау нәтижесі оң болса, аурудың берілу жолдарын анықтау, науқаспен байланыста болғандарды іздеу және зерттеу тізбегі бұзылады. Сенатор мәселені жүйелі дайындықсыз диагностика жасауды, бәсекелестік ортасына бермеуді өтінді.

Сондай-ақ...