Қызылордада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтам болмай тұр

Облысқа қарасты Жалағаш ауданында 8 сынып оқушысына әкесінің ағасы зорлық көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сорақылық 4 жыл бойы жалғасқан деген ақпарат әлеуметтік желіге тараған еді. Полиция әзірге бұл жайтты растаған жоқ. Бірақ мән-жайды анықтау жұмысы басталып, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейтіні айтылды. Өңірде отбасылар есебі қайта нақтыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытындағы профилактикалық шаралар тәртібі күшейтілді. Арнайы құрылған жұмыс тобы рейдке шығып, жәбірленген әйелдер мен балаларды дағдарыс орталығына орналастырып жатыр. Отбасының берекесін қашырып, жұбайы мен бала-шағасына қол жұмсаған тұрғындарға қатысты әкімшілік іс қозғалады.

Айгерім Ерболат, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері:

– ҚР Әкімшілік қылмыстық кодексінің 73, 127, 440, 461 баптары бойынша құқықбұзушылықтар анықталып, хаттама толтырылып, құжаттар жинақталып, қазіргі таңда сотқа жолдануда.