Елорда маңында ракеталар көтерілді. Не болды?

Елорда маңында дабыл қағылып, зениттік-зымырандық кешен іске қосылды. Қауіп жоқ. Бұл тек дайындық. Әуе қорғанысының әлеуетін әріптесіміз де бағамдап қайтты.

Қауіптің зоры көкте. Осы біздің әуе қорғанысымыз қаншалықты мықты? Қарулы Күштердің әуе шабуылына қарсы тұратын әскери бөліміне бардық. Стратегиялық нысанның қызметін көрдік.

Біз елорда іргесіндегі Ақмол елді мекеніне келдік. Мұнда бас қаланың әуе кеңістігін бақылайтын радиолокациялық станция орнласқан. Қазір мұндағы жұмыспен егжей-тегжей танысатын боламыз. Радиолокациялық станция «Нұр» 2015 жылдан бастап бізде орнатылып тұр. Сол кезден бастап жауынгерлік кезекшілікте тұр. Олай болса ішке кіріп, станцияны көзбен көрейік.

Радиолокациялық станция дегеніміз осы. Бұл кешен елорда кеңістігінде ұшып жүрген, ұшып келе жатқан әуе кемелерін бірден анықтайды. Бұл кешен нақты қанша шақырымға дейін ұшақтарды анықтай алады? Яғни, радиусы қанша мұның?

НұрСұлтан Ермеков, радиолокациялық станция бастығы:

– Осы радиолокациялық станция нысаналарды 5 км-ден 470 км дейін анықтайды. Және де максималды анықтайтын биіктік 30 мың метр. Антенаның айналу жалдамдығы минутына 6 оборот жасайды.

Шамамен 500 шақырымдағы нысанды қалт жібермейтін радиолокациялық станцияны Қазақстан мен Франция бірлесіп жасаған. Кеңістікте рұқсаты жоқ ұшақ көрінсе белгі беріп, дабыл қағылады. Сарбаздар бұл нысананы шұғыл жоюға тиіс.

Дабыл қағылған соң «С-300 PS» зениттік-зымырандық кешені іске қосылады. Әуе шекарасын бұзған ұшақ немес ұшу аппаратын зымырандар қағып түсіреді. 

Асылхан Рақышев, Дивизион командирінің орынбасары, штаб бастығы

– Бетін аулақ қылсын, егер шындап бір қауіп туындайтын болса, неше минутта сол қауіпті тойтаруға болады? Кезекші ауысым 10 минутта дер кезінде жұмыс орындарына келіп, соған дайын болу керек. сол әуе кеңістігін бұзушылыққа жол бермеу керек. 10 минут уақыттың ішінде. Ал 5 минутта бізде нормативте жұмылдырыламыз.

Мұндағы зениттік кешендерден атылған зымыран 75 шақырымға дейін ұшады. Осы кезге дейін Сарышаған полигонында бірнеше мәрте сыналып, тексерістен өткен.

Қорған Қонысбайұлы, Жандос Битабаров