«Қазақстан халқына» қорының сайты іске қосылды

«Қазақстан халқына» қорының qazaqstanhalqyna.kz арнайы сайты іске қосылды.

Енді көмекке мұқтаж азаматтар өз өтініштерін цифрлық платформа арқылы жолдай алады. Қайырымды демеушілерден де ұсыныстар қабылданады. Бұл үшін сайттың «Өтінішті қалай бере аламын» бөліміне кіріп, тиісті батырманы басу қажет. Пайдаланушылар бірден «атамекенім кз» қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасына қосылады. Сайт электрондық үкімет порталының кейбір мәліметтер базасымен біріктірілген. Қазір мұнда 86 қайырымдылық ұйым тіркелді.