Тергеу кезінде қысым көрсету дерегі бойынша 105 қылмыстық іс қозғалды

Биылғы қаңтар оқиғаларына қатысты жаңа деректер шықты. Прокуратураға түскен арыздар негізінде қызметін асыра пайдалану мен тергеу барысында қысым көрсету бойынша 105 қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратура Атыраудағы «Динамо» спорт залындағы азаптауды мойындады. Талдықорған қаласының тұрғыны Батырбаевқа заңсыз күш қолдану дерегі болғанын айтып өтті.

«Қазіргі уақытта 2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың 113-і кісі өлтіру, тонау, қарақшылық үшін және радикалды діни ағымдардың жақтаушысы ретінде бұрын сотталған.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы арнайы брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қалимжанов хабарлады. Сондай-ақ оның айтуынша, 103 адам уақытша ұстау изоляторынан босатылды.

Тергеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейміз», - деді Бас прокуратура өкілі.