200 жылдық тарихы бар көне ғимарат жөнделді – Алматы облысы

Қапал ауылынының тұрғындары қара шаңырақ атап кеткен бұл үйді атақты көпес Шаяхмет Әбсаттар салдырған екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше архитектуралық үлгіде бой көтерген ғимаратқа Қашқария сапарында саяхатшы-географ Шоқан Уәлиханов және Ұлыбритания тарихшысы Томас Аткинсон тоқтап, бірнеше күн қонақ болған деген дерек бар. 200 жылдық тарихы бар нысан бертін келе қараусыз қалған еді. Қаңырап бос тұрғандықтан, шатырынан су өтіп бұзыла бастаған. Біздің арна тілшілері өзекті мәселені көтеріп, сюжет те түсірген. Сөйтіп, былтыр жергілікті кәсіпкерлердің бірі ғимаратты өз меншігіне алып жөндеу жұмыстарын бастады. Жарты жылдан аса уақыт ішінде тұтастай қалпына келтірген. Қайта жаңғыртылған үй енді аймақ тарихынан сыр шертетін мұражай болмақ. 

Жеңіс Ысқабай, шебер:

– Былай айтқанда 30 пайызын біз алып тастасақ, сол отыз пайызын жаңарттық. Яғни бізде шатыры жаңа. Ал қалған жерінің бәріне өзінің ағашын шығарып,тазалап, жөнге жарайтынын қалдырып, қайта пайдаландық. Жалпы архитектуралық келбетін толықтай сақтауға тырыстық және де біз соны жүзеге асырдық.