Маңғыстау облысы «жасыл аймаққа» өтті

6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Жамбыл облысы.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы «сары аймақта» тұрған еді.