Коронавирустан емделіп жатқан 158 адамның жағдайы өте ауыр

6 ақпандағы мәлімет бойынша 101 815 адам коронавирус инфекциясынан (100 617 КВИ+ және 1 198 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде: 9 754 пациент стационарда, 92 061 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда,

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

425 адамның жағдайы ауыр,

158 пациенттің жағдайы өте ауыр,

95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.