АҚШ шекарасы маңындағы заңсыз мигранттар лагері бұзылды

АҚШ шекарасы маңындағы заңсыз мигранттар лагері бұзылды

Мексика билігі АҚШ шекарасына жақын жерде орналасқан заңсыз мигранттар лагерінің көзін жойды. Ондағы 400-ге жуық адам уақытша орталықтарға жайғастырылды.

Бұл лагерь шамамен бір жыл бұрын пайда болған. Құқық қорғаушылар талай мәрте ондағы босқындардың өмір сүру жағдайын қатаң сынға алып келген еді.

Айта кеткен жөн, жыл сайын Орталық Америка елдерінің мыңдаған тұрғыны Мексика арқылы АҚШ-қа жетуге тырысып жатады. Былтыр көші-қон қызметі мен қауіпсіздік күштері 250 мыңға жуық заңсыз босқынды қолға түсірген. Солардың 100 мыңы отанына кері қайтарылды.    

Нери Роберто, Гватемаладан келген мигрант:

– Менің Мексикада қалып қойғаныма АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп кінәлі. Ол мигранттарды кері қайтару туралы заң шығарып, бәрін бүлдірді. Енді Джо Байден АҚШ-тағы жақындарымызбен қайта қауышуға мүмкіндік берсе екен.