Қаржы пирамидаларынан былтыр 55 млрд теңге шығын келді

Қаржы пирамидаларынан былтыр 55 млрд теңге шығын келді

Елде 30 мыңнан астам азамат қаржы пирамидасына ақша салып, опық жеді.

Шығынның жалпы көлемі шамамен 55 млрд теңге. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Былтыр құқық қорғау органдары қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты 200-ден астам қылмыстық іс қозғады. 126 адам жауапқа тартылды. Алайда жыл өткен сайын алаяқтардың әрекетін әшкерелеу қиындап барады. Өйткені әккілер микроқаржылық ұйымдар мен букмекерлік конторалар арқылы жұмыс істей бастаған. Осыған байланысты азаматтар "жаңа салымшы ертіп келгенге сыйлықақы беріледі" деген жарнамаларға алданбау керек, дейді полиция қызметі. Алаяқтар көбіне жоғары табысқа негізсіз кепілдік беріп, "қысқа уақыт ішінде оңай олжаға кенелесіз" деп қызықтырады. 

Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы:

- Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз тарту мақсатында құрылған қаржы пирамидалары соңғы жылдары кең таралған қылмыстық құбылыстардың бірі болып табылды. Олардың теріс фон пішініне санының күрт өсуі әсер етті. Ал компаниялардың қылмыс әрекеттерімен келтірілген жалпы залал мөлшері миллиардтарды құрады.