Қарағандылық жанкүйерлер Олимпиададағы спортшыларымызға қолдау көрсетті

Бейжіңдегі жарыста конькишілеріміздің де жолы болмады. Жерлестеріміз Надежда Морозова мен Екатерина Айдова 1500 метрлікте жүлдеге таласып көрген еді. Бірақ есе жіберіп қойды.

Тіпті алғашқы ондыққа да енбеді. Дегенмен, Екатерина әлі екі жарыста бақ сынайды. Ол 500 және 1000 метрге сырғанайды. Дәл осы қашықтықта ол Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан. 

Айта кетейік, Екатерина 24-қысқы Олимпиада ойындарына 3 бірдей лицензияны жеңіп алған.

Гүлнар Әлиқұлова, мамандандырылған қысқы спорттан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің директоры:

- Катя бүгін жақсы нәтиже көрсетті. Алдыда тағы 1000 метр, 500 метрге жүгіру жарысы бар. Содан жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймыз. Катямен біргеміз. Көп медаль күтеміз.