«Дикий Арман» бүлікті қонақүйден басқарған болуы мүмкін

«Дикий Арманның» қылмыстық тобы бүлікшілерді Алматыдағы қонақүйлердің бірінен басқарған болуы мүмкін.

Мұндай нұсқаны саясаттанушы Ғазиз Әбішев айтты.

Әбішевтің сөзіне сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі арасында қарама-қайшылық болуы мүмкін деген теория туралы айту әлі ерте. Алматы және Жамбыл облыстарындағы жергілікті департамент басшылықтары арасында келіспеушіліктер болуы ықтимал деген нұсқа шындыққа жанасады, дейді маман.

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:

- Күдіктілердің қылмыстық топтарға мүше болуы әбден мүмкін. Немесе бұл немқұрайлық пен кәсіби салғырттық салдары сияқты. Арнайы прокурорлар осыны меңзегендей.