Петропавлда халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы сотталды

Экс-директор мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға берілетін баспаналарды үлестіру үшін азаматтардан жүйелі түрде пара алып отырған.

Бұл әрекетті өзінің сенімді тұлғалары арқылы жүзеге асырған.  Пара сомасы тұрғын үйдің аумағына байланысты өзгеріп отырған. Экс басшы сегіз жылға темір торға қамалып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ал серіктестері 7 жылға сотталды. Мұнымен қоса пара бергендерге де әкімшілік айыппұл салынды.

Сәуле Литфуллина, Петропавл қалалық сотының судьясы:

- Аталған қылмыстық іс бойынша пара алудың 10 эпизоды анықталды. Сотталушы өзінің серіктестері арқылы әрекет ете отырып, жалға берілетін баспана алу үшін қажетті құжаттардың тізімін ұсынып отырған. Мұнымен қоса мұқтаж адамдарды іздеп тапқан. Олар бір пәтер үшін 500-600 мың теңгеге көлемінде пара алып отырған.