Қарағандыда әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен сарбаздар табылды 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің орналасқан жері белгілі болды. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткені анықталған. Өздерімен бірге қару болмаған.

Оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.