Досаев: Бүлінген бизнес шығыны алдағы екі-үш аптада өтеледі

Алматыда қаңтардағы бүліктен 1 500-ден астам кәсіпкер зардап шеккен. Олардың тең жартысына жуығының шығыны 3 млн теңгеден аспайды. Бұл санаттағы кәсіп иелеріне 21 ақпанға дейін қаланың қайырымдылық қоры арқылы көмек көрсетіледі.

Осылайша, екі-үш аптада бүлінген шағын және орта бизнестің 82 процентінің шығыны жеделдетілген тәртіпте өтеледі. Қалғаны қажет сараптамалар мен бағалаулардан соң көмек алады. Бұл туралы Үкімет отырысында шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы жұмыс сапары барысында қаланы қалпына келтіру жайын қайта қарайтынын жеткізді.