Моңғолияда коронавирус өршіп тұр

Моңғолияда коронавирус өршіп тұр

Жабық елдер қатарынан табылатын Моңғолия мемлекеті үшін коронавирус ауыр сынақ болып отыр. Бір күн бұрын ғана елде COVID-19 жұқтырудың 1 100 жаңа жағдайы және төрт өлім тіркелді.

«Ұлан-Батырда 679 жағдай расталды, қалған 421-і Моңғолия аймақтарында. Сонымен қатар тіркелген жағдайлардың 90% астамы «омикрон» штамымен байланысты», - делінген Моңғолия денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасында.

Нәтижесінде, пандемия басталғаннан бері елде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 451 690 адамға дейін өсті. Індет 2 059 азаматтың өмірін қиды. Қазір моңғолдар Сovid-19 вакцинасының төртінші дозасын ерікті түрде алып жатыр.

РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриев осы аптада Ресейде «омикрон» ауруының төмендеуін болжады. Тікелей инвестициялар қоры басшысының айтуынша, COVID-19 таралуына қарсы күресте вакцина алу маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ «Ресейлік вакцина жаңа коронавирустық мутацияларға қарсы ең жоғары тиімділікті көрсетті, бұл ұлттық жұқпалы аурулар институтының жақында жүргізген тәуелсіз зерттеуімен тағы бір рет расталды.