Петропавлда көмір тапшылығы туындады

Қақаған аязда солтүстік қазақстандықтар көмір таппай сенделіп жүр.

Жұрт таң атпай қоймаларды күзетуге мәжбүр. Өңірде әсіресе Шұбаркөл көміріне деген сұраныс жоғары. Мәселен, бүгін таңертен жүзден астам жүк көлігі жиналып, ұзын-сонар кезек болды. Облысқа жеткізілген 7 вагон, яғни 490 тонна көмір санаулы сағатта сатылып кетті. Тұрғындар көмір аптасына бір рет ғана жеткізіледі деп шағымданып отыр.

Алтынбек Қуанышев, қала тұрғыны:

- Мен таңғы сағат 7-ден келдім. Мұндағы жұрт сағат 5-тен тұрып жатырмыз дейді. Очередь үлкен. Сол білмеймін, көмір жетеді ме, жетпейді ме. Қазір тұрмыз, үйге әкетейін дегенбіз тым болмаса 3-4 тонна болса да.