Атырауда сұйытылған газ сақтаушы компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополияға қарсы тергеу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша өңірде "сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің" қайталама-көтерме саудада негізсіз үстемдікке ие екені анықталды. Сонымен қатар облыстық Экономикалық тергеу департаменті аталған газ желісі ұйымының қызметіне қатысты тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғады. Қазір мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.