Депутаттар ел аралап, халықпен кездеседі

Мәжіліс депутаттары бір аптадан кейін ел аймақтарын аралауға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар халықтың көкейіндегі мәселелерді тыңдап, оларды шешуге ат салысады. Бұл туралы Палата төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттар Президент айтқан ескертулерден қорытынды шығарып, әрі қарай жұмыс істеуі керек.

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Өз кезегімізде барлық әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды тиісті сапалы заңдармен қамтамасыз етуге жұдырықтай жұмылуымыз керек. Сонымен бірге енді бір аптадан кейін барлығымыз сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын боламыз. Сол кезде осы нақты қадамдарды әрбір сайлаушыға, әрбір азаматқа жеткізуіміз қажет. Ел игілігіне қызмет ету – ол баршамыздың басты парызымыз.