Қазақстанда 14 түрме жабылды

aa.com.tr

Елде түрмеге қамалатындар саны жылдан-жылға азайып келеді.

Соңғы 10 жылда абақтыға жабылғандардың қатары 2 есе кеміген. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев осылай дейді. Қылмыс жасайтындар азайған соң, елде түрме де жабылып жатыр. Соңғы 10 жылда 14 түзеу мекемесі жойылған. Бұрын Қазақстан істі болатындар саны бойынша әлемдік рейтингте 31-ші орында еді. Ал қазір 98-ші сатыға жылжыған. Қоғамдық бақылау комиссиясы жазасын өтеп жатқандардың құқығы тапталмауы керек, - дейді. Сондықтан олар елдегі түзеу мекемелеріне жиі мониторинг жүргізеді