Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері 6 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келеді

Елордадағы «Ақ шаңырақ» кешенінің тұрғындары 6 жылға жуық құжатсыз пәтерді паналап келеді. Қаланың қақ ортасында орналасқан үйде қордаланған мәселе көп. Тұрғындар тіркеуге тұрып, құжаттарын заңдастыруды сұрайды.

БЛИЦ:

- Застройщик күтіңіздер дейді, бір-ай екі ай деп. Мен келген кезде екі ай деген еді, уже екі жыл болды, әлі берген жоқ.

- Осы үйде 2015 жылдан бастап тұрып жатырмын. Әлі күнге дейін біз осы үйге құжат алған жоқпыз. Ай сайын айтады: міне қазір береміз документтер, дайындап жатырмыз деп. Бірақ шынымды айтсам, бұл әңгімені 4-5 жылдан бері естіп жатырмыз.

- 15 жылдан бері тұрып жатырмыз міне. Не документ жоқ біріншіден, екіншіден, детская площадка жоқ. Прописка жоқ.

Бұл қаланың қақ ортасында орналасқан «Ақ шаңырақ» кешенінің тұрғындары. Көмек сұрап, арнамызға хабарласқан олар әлі күнге дейін сатып алған пәтерінің құжатын ала алмай жүр. Мердігер бір жапырақ қағазды күнде ертең берем деген сылтау айтады екен. Ал жауапты компания басшысының берген жауабы мынадай.

Анатолий Выдрин, «Прайс-Астана-Строй» ЖШС басшысы:

- Қазір мәселені шешуді қолға алдым. Үйді заңдастыруға қажетті 5 құжаттың төртеуіне қол қойылды. Тағы бір қағазды осы аптада аламыз. Наурызда пәтерлерді нотариалды меншікке беруге тырысамын. Үйді пайдалануға беру құжаттарына қол қоюды, оларды барлық инстанцияларда тіркеуді жоспарлап отырмын. Наурыз айында тұрғындар құжаттарын алады деп уәде беремін.

«Ақ шаңырақтың» қабырғасы сетінеп, төбесі құлағалы тұрғанына да көз жұмдық, дейді тұрғындар. Бұдан бөлек аулада балаларға арналған ойын алаңы да, көлік қоятын тұрақ та жоқ. Өйткені құжаты жоқ тұрғын үй кешенінің айналасына басқа көп қабатты үйлер салынып тасталған.

Азат Мейманқұлов, Нұр-Сұлтан қалалық Алматы ауданы инспекция бөлімінің басшысы:

- Мерзімінде тапсыру керек еді. Мерзімінен тыс шығып кетті. Одан бөлек 2013 жылдан бері әкімшілікте МВК-да ол сұрақ бірнеше рет қарастырылды. Мердігер компания берілген уақыттан тыс шығып кетті. Енді қазіргі таңда ол компания уәдесіне сәйкес алдағы наурыз айында пайдалануға берем деді.

Ал заңгерлер ««Ақ шаңырақ» тұрғындары уәде етілгендей, наурыз айында пәтерлерінің құжатын қолына алмаса, сотқа жүгінуі керек» деп кеңес берді.

Гүлзия Нақыпқызы Марат Диханбаев